Жаңалықтар тізбегі
0

Стадион лық толы. Алматыдағы Димаштың концертінен фоторепортаж

Алматыдағы концерт, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2022 21:30 Сурет: Zakon.kz
Zakon.kz тілшілері де барша әлемге танымал Димаштың концертінде болып, мерекелік ауаннан ләззат алды.

Орталық стадионға жақындай бергенде-ақ стадион толы көрермен болатыны айтқызбай-ақ, көрініп тұрды. Концертке дейін шамамен әлі бір сағат бар, соның өзінде "артылған" билет сатып алғысы келіп жүрген адамдардың мұнда қарасы көп.

Концертті ұйымдастыруға ерік білдірген волонтерлар үш тілде сөйлейді. Стадионда кемінде екі шетелдік фан-клубтың төбесі көрінеді: поляк және француз.

Адамдар бірнеше сағат бойы кезек күтуге және күзеттен асықпай өтуге дайын, тек ішке кірсе болғаны. Концерт басталуға аз-ақ уақыт қалғанда көрермендер өз орындарына жайғасты.

Алматыдағы концерт, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2022 21:30

Сурет: Zakon.kz

Димаштың концерті, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2022 21:30

Сурет: Zakon.kz

Димаш сахнаға шықпастан бұрын алдымен жас таланттар өнер көрсетті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Димаш жинаған стадион оларға шабыт беріп, тағы бір биік белестерді еңсеруге жол ашуы керек.

Димаштың концерті, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2022 21:30

Сурет: Zakon.kz

Димаштың концерті, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2022 21:30

Сурет: Zakon.kz

Қонақтарға жарық беретін таяқшалар таратылды. Олар оны көкке көтеріп, сүйікті әншісімен бірге ән шырқады.

Димаштың концерті, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2022 21:30

Сурет: Zakon.kz

Концерт, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2022 21:30

Сурет: Zakon.kz

Концерт белгіленген уақытта басталды. Сахнада қалың түтіннің арғы жағынан көп күткен бүгіннің қаһарманы да төбе көрсетті. Осы кезде әр түрлі жастағы, әртүрлі ұлттан тұратын үлкенді-кішілі жанкүйерлер бір ауыздан сүйікті әншісінің атын атап, стадионды гүрілдетіп қоя берді.

Димаштың концерті, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2022 21:30

Сурет: Zakon.kz

Концерт, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2022 21:30

Сурет: Zakon.kz

Димаштың концерті, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2022 21:30

Сурет: Zakon.kz

Аншлаг, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2022 21:30

Сурет: Zakon.kz

Мұндағы эмоцияны сөзбен жеткізу мүмкін емес. Әнші салған әр әнге еліткен көрермендердің бір тобы "Браво" деп айғайлап жатса, тағы бірі толассыз шапалақтап, ебіл-дебіл.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: