Жаңалықтар тізбегі
0

Meta өкілі: Болашақта қазақ тілін меңгеріп аламын деп үміттенемін

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2022 20:20 Сурет: pixabay
Meta компаниясының Орталық Азиядағы үкіметпен байланыс жөніндегі басқарушы директоры Джордж Чен Оқу ағарту министрі Асхат Аймағамбетовпен әрі Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлімен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министр Асхат Аймағамбетов "Meta" компаниясының (Facebook, Instagram және What’s App мессенджері) өкілдерімен кездесіп, осы әлеуметтік желілер кеңістігінде білім беру саласындағы ынтымақтастық және оны танымал ету мәселелерін талқылады.

Аймағамбетов Қазақстан үшін білім беру бағытындағы контентті, әсіресе оны қазақ тілінде насихаттау және балаларды қажетсіз, жағымсыз контенттен қорғау мәселелері маңызды екенін баса атап өтті.

"Meta-ның" Орталық Азиядағы үкіметпен байланыс жөніндегі басқарушы директоры мен басқа да әріптестер бастамаларымызды қолдағанына қуаныштымын.Facebook платформасында мұғалімдеріміз белсенді түрде өз пікірлерін білдіріп, түрлі проблемаларды көтеріп, жаңалықтармен бөлісіп отырады. Сонымен қатар бүгінгі күні мұғалімдеріміз Instagram алаңын белсенді пайдаланып, оқушыларға белгілі бір пән туралы мәлімет беріп, сол арқылы балалардың оқуға деген қызығушылығын, ынтасын арттырып жүр. Ал біз ұстаздардың мұндай бастамаларын құп көріп, әрқашан қолдаймыз. Сонымен қатар педагогтеріміздің оқушыларды оқу-тәрбие үдерісіне заманауи тәсілдермен тартуға деген ұмтылысы мақтауға тұрарлық. Джордж Чен әріптестерімен бірге қазақстандық мұғалімдер мен ата-аналардың әлеуметтік желілердегі белсенділігін атап өтіп, мұғалімдерге арнайы тренингтер өткізуді ұсынды. Олар мұғалімдерді балаларды оқытуда түрлі цифрлық ресурстарды белсенді пайдалануға үйретуге бағытталады.«Meta» өкілдерімен білім беру саласында ынтымақтасып, оны одан әрі дамытамыз деп ойлаймын. Асхат Аймағамбетов

АҚДМ басшысы Дархан Қыдырәлімен кездескен Meta компаниясының Орталық Азиядағы үкіметпен байланыс жөніндегі басқарушы директоры Джордж Чен қазақ тілінің маңыздылығы сезілетінін айтты.

Әлемдегі достарым көбірек бола түсу үшін болашақта қазақ тілін де меңгеріп аламын деп үміттенемін. Джордж Чен

Өз кезегінде Дархан Қыдырәлі Facebook пен Instagram-ды қоса алғанда Meta family қосымшаларының интерфейсін қазақ тілінде жасап, жетілдіру қажеттігін атап өтті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: