Қазақстандық музыка Instagram-да: Әділет министрлігінің өкілдері Meta басшыларымен кездесті
Сурет: Әділет министрлігінің баспасөз қызметі
Шарада цифрлық платформаларда зияткерлік меншік нысандарын пайдалану мәселелері, сондай-ақ ынтымақтастықты одан әрі дамыту және тәжірбие алмасу тақырыбы талқыланды.
Еске салайық, Әділет министрлігі мен Meta компаниясы арасындағы онлайн-келіссөздердің нәтижесінде қазақстандық музыка Instagram мен Facebook платформаларына қайта орналастырылған болатын. 9 сәуірде Қазақстандық авторлар қоғамы мен Meta компаниясы арасында қазақстандық авторлар мен құқық иеленушілердің авторлық құқық және сабақтас құқықтарын пайдалану мәселелерін реттеу жөніндегі келісім жасалды.
Цифрлық платформаларда авторлық құқықты сақтау тетіктерін талқылау және зияткерлік меншік саласындағы ынтымақтасты күшейту мәселесін қарастырған қос тарап алдағы уақытта да тығыз байланыста жұмысты жалғастыруға уағдаласты.
