Жаңалықтар тізбегі
0

Алматының 7 мыңнан астам студенті қосымша жатақхана мен хостелдерге орналасты

жатақхана, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2022 14:29 Сурет: Ғылым және жоғары білім министрлігі
Кейбір жоғарғы оқу орындары өз студенттері үшін жекеменшік жатақханалар мен хостелдерді жалға алды. Ал кейбір институттар өз балансындағы ғимараттарды студенттер баспанасына айналдырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарлауынша, кейінгі үш аптада Алматыдағы 35 жоғары оқу орнының 7 мыңнан астам студенті қосымша жатақханалар мен хостельдерге орналасты.

Мысалы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті студенттерді Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің, Еуразиялық технология университетінің жатақханаларына қосымша орналастырды. Сонымен бірге университет өз студенттері үшін жекеменшік жатақханалар мен хостелдерден жатын орын жалдады.

Satbayev University, Халықаралық білім беру корпорациясы, "Тұран" университеті және басқа да жоғары оқу орындары жоғары курс студенттері үшін қосымша баспаналарды, оның ішінде жергілікті кәсіпкерлерден жатақханалар мен хостелдерді жалға алды.

Алматыдағы 1-курс студенттері жаңа оқу жылының басында толық жатақханаларға орналасты. Студенттерді баспанамен қамту мәселесі Ғылым және жоғары білім министрлігінің бақылауында, - деп хабарлады министрлік.

Біз жоғары оқу орындарымен бірлесіп студенттерді жатақханаға орналастыру мәселесін шешіп жатырмыз. Студенттердің басым бөлігі баспанамен қамтылды. Ескерте кетейік, министрлікке қарасты студенттерді жатақханалармен қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабы жұмысын жалғастырып, тұрғын үйге мұқтаж студенттерге көмектеседі. Бұл жұмыс тоқтамайды, – деді Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Сонымен қатар Алматы қаласының әкімдігі Қаржы орталығымен бірлесіп қала кәсіпкерлерімен биыл жыл соңына дейін қолданыстағы 4 нысан 655 төсек-орынға арналған жатақхана ретінде қайта жасақталып, пайдалануға беріледі.

Бүгінде 104 азаматтық жоғарғы оқу орнында 309 жатақхана бар. Онда 101 мыңнан астам студент тұрады. Министрліктің хабарлауынша, жылдың соңына дейін 5000 орындық тағы 17 жатақхананы пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: