Лукашенко баршаны жиын-терім науқанына жұмылдыруға шақырды

Мәлімдеме Сурет: president.gov.by
Беларусь Президенті картоп, қызылша, жүгері, зығыр жинау науқанын сапалы және уақытында аяқтау қажеттігін баса атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Беларусь Президенті Александр Лукашенко жиын-терім кезеңді абыроймен аяқтап, фермерлерге көмектесу үшін қосымша күш ретінде студенттерді тарту керектігін мәлімдеді, деп хабарлайды БЕЛТА.

Лукашенконың айтуынша, биыл ауылшаруашылығы үшін қолайлы жағдайлар туындап отыр, Ресей мен Қытайға ауылшаруашылығы өнімдері экспортының көлемі айтарлықтай артады.

Анда санкциялар, мында мобилизация, әлдебір соғыс, тағысын тағы деген сыпсың сөзді доғарыңдар. Ұмытыңдар бәрін. Өз айналамызға, өз адамдарымызға қараңдар. Мұрнынан шаншылып жатыр әне. Уақытында егін егіп, егінді абыроймен жинап алып, қысқа мықты дайындықпен кетіп, көктемгі егіске дайындалуымыз керек. Міне, осыған барлығын жұмылдыру керек. Александр Лукашенко

Қажет болған жағдайда, студенттерді бұл жұмысқа тартуға болады, деп атап өтті Лукашенко.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз