Жаңалықтар тізбегі
0

Лукашенко мен Бердімұхамедов Елбасыны туған күнімен құттықтады

elbasy.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.07.2021 22:27 elbasy.kz
Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко Елбасының тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен өркендеуіндегі айрықша рөлін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Елорда күні мен Елбасының туған күніне орай келіп жатқан хаттар мен жеделхаттар легі жалғасуда, деп хабарлайды zakon.kz Елбасы сайтына сілтеме жасап.

Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко Елбасының тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен өркендеуіндегі айрықша рөлін атап өтті.

– Сіздің Беларусь пен Қазақстан арасында жемісті байланыс орнатуға, еуразиялық интеграция идеясын іс жүзіне асырып, посткеңестік кеңістікте тыныштық пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге қосқан өлшеусіз үлесіңіз үшін алғыс білдіремін. Әрдайым екіжақты және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша өзара тиімді шешім қабылдауға әзірлігімен әрі ашықтығымен ерекшеленетін жақын қарым-қатынасымызды жоғары бағалаймын, – делінген Лукашенконың жеделхатында.

Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов қазіргі Қазақстанның тарихы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты екенін айтты.

– Түрікменстан мен Қазақстан Республикасы арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін ерекше атап өткім келеді. Түрікменстан мен Қазақстанның мемлекетаралық қатынастары және стратегиялық серіктестігі алдағы уақытта да біздің бауырлас халықтарымыздың игілігі үшін дамып, нығая түсетініне сенімім мол, – делінген Түрікменстан Президентінің хатында.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: