Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев пен Лукашенко алдағы кездесудің күн тәртібіндегі мәселелерді пысықтады

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.04.2021 23:44 Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Лукашенко Қазақстан мен Беларусь арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың перспективаларын талқылады.

Қазақстан мен Беларусь Президенттері телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Лукашенко Қазақстан мен Беларусь арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың перспективаларын талқылады.

Мемлекет басшылары пандемиядан кейінгі кезеңде екіжақты экономикалық байланыстардың жоғары қарқынын сақтаудың маңыздылығын, сондай-ақ, бірлескен жаңа жобалар мен бастамаларды жүзеге асыру қажет екенін айтты.

Осыған байланысты өзара сауда-саттық көлемін ұлғайту, экспортталатын тауар түрлерін әртараптандыру, екі елдің бизнесі мен өңірлері арасындағы тікелей қатынастарды жолға қою үшін үкіметтердің ықпалдастығын жандандыруға дайындық мәселесі нақтыланды. Ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның кезекті отырысын жуық арада өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, делінген хабарламада.

Тараптар COVID-19 пандемиясымен күресу үшін қабылданып жатқан шаралар, соның ішінде, екі ел азаматтарын вакциналауға қатысты іс-қимылдар жайында ақпараттармен алмасты.

"Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің биылғы мамырда өтетін отырысын ескере отырып, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Лукашенко күн тәртібіндегі негізгі интеграциялық мәселелерді тағы да бір мәрте пысықтады", деп атап өтіледі.

Екі елдің көшбасшылары бір-бірін алдағы келе жатқан мамыр мерекелерімен құттықтап, Қазақстан мен Беларусь халықтарының берекелері артып, өсіп-өркендей беруіне шынайы тілектестік білдірді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: