Қазақстандықтар қазан айында қанша күн демалады

Республика күні, ұлттық мереке, қазан, демалыс Сурет: Zakon.kz
Биылдан бастап 25 қазан – Республика күні қайта тойланады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес Республика күні ұлттық мереке болып саналады.

Бұл сейсенбіге сәйкес келеді, жұмыс уақытын ұтымды пайдалану үшін Қазақстан үкіметі демалыс күнін 2022 жылғы 22 қазандағы сенбіден 2022 жылғы 24 қазан дүйсенбіге ауыстыру туралы қаулы әзірледі.

Осылайша, аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар Республика күніне орай 23, 24 және 25 қазанда демалады.

Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер екі күн: 23, 25 қазан (жексенбі, сейсенбі) демалады.

Қазан айындағы жалпы жұмыс және демалыс күндері:

  • бес күндік жұмыс аптасында – 20 жұмыс күні және 11 демалыс күн;

  • алты күндік жұмыс аптасында – 25 жұмыс күні және алты демалыс күн.

22 қыркүйекте Қазақстан Республикасы парламенті сенатының жалпы отырысында депутаттар кинематография, мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша 25 қазан – Республика күнін мемлекеттік мерекелер қатарына қайтаруды көздейтін түзетулерді қабылдады.

16 маусымда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды. Бұл туралы ол Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында мәлімдеді.

1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз