Қошанов: Amanat-тың міндеті – барша қазақстандықты президенттің озық реформаларының айналасына топтастыру

Ерлан Қошанов Сурет: parlam.kz
Amanat партиясының төрағасы Ерлан Қошанов президент сайлауына Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүгін біз табысты Республика құруды бірге бастадық. Бізде қазірдің өзінде барлық жоспарларымызды жүзеге асыратын және таңдаған жолдан таймайтын Көшбасшымыздың болғаны маңызды. Халқымыз үшін ең қиын кезеңде бар жауапкершілікті өз мойнына алған басшы елді аласапыранға ұрындырмай, мемлекеттілігін сақтап қалды. Сондықтан бүгінде Amanat партиясының міндеті және біздің тарихи жауапкершілігіміз – барша қазақстандықты мемлекет басшысының озық реформаларының айналасына топтастыру.Amanat партиясының төрағасы Ерлан Қошанов

Астанада Amanat партиясының 24-съезі өтіп жатыр. Оның жұмысына еліміздің барлық аймақтарынан делегаттар, дәлірек 1200-ден астам адам қатысып жатыр.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді. 23 қыркүйекте Қазақстанда президенттікке кандидаттарды ұсыну басталды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз