Жаңалықтар тізбегі
0

ҰБТ-ға дайындалуға арналған байқау сынақтарын онлайн тапсыруға болады

тест, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.10.2022 18:22 Сурет: Ұлттық тестілеу орталығы
Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ-ға дайындалуға арналған байқау сынақтарын іске қосты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалуға арналған байқау сынақтарын іске қосты. Тестілеу онлайн форматта орталықтың сайтында жүзеге асырылады.

Байқау сынағы оқуға түсушілерге ҰБТ-ға дайындалуға көмек ретінде әзірленді. Талапкерлерге ҰТО сайтында тегін онлайн тестілеуден өту мүмкіндігі беріледі. Ол үшін тестіленушілерге тек ЖСН теріп, бейіндік пәндердің комбинациясын таңдап, байқау сынағына кірісу қажет.

Министрлік тұрақты негізде тестілеу кезінде ғана емес, оның басталуына дейін де қолайлы жағдай жасау бойынша жұмыс жүргіpіп жатыр.

Қабылданып жатқан шаралар аясында бүгін біз ҰБТ-ға дайындық үшін онлайн тестілеуді іске қостық. Байқау сынағын өткізу технологиясы негізгі ҰБТ технологиясына сәйкес келеді. Яғни, қазірдің өзінде талапкерлерге биыл IT-мамандыққа түсу үшін міндетті болып табылатын «Математика-Информатика» пәндерінің комбинациясы қолжетімді. Сонымен қатар болашақ студенттер тест тапсырмаларының өзгертілген құрылымымен таныса алады, – деп атап өтті ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Білім деңгейін тексергісі келетіндер үшін ҰТО сайтында ақылы онлайн-тестілеу де іске қосылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: