Түлектердің назарына: Ірі білім беру орталықтары ҰБТ-ға тегін дайындауды бастады

ҰБТ-2022, Ұлттық тестілеу орталығы, ҰБТ-ға дайындық, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.12.2021 14:22 Сурет: Zakon.kz
Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы мәлімдеді

8 желтоқсаннан бастап республикалық ірі білім беру орталықтары ҰБТ-ға дайындалу үшін тегін онлайн сабақтар жүргізеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сабақтар қашан және қайда өтеді?

  • Qazbilim– күн сайын сағат 20.00-де (Нұр-Сұлтан уақытымен) қазақ тілінде «Qazbilim.tv» YouTube арнасында тікелей эфирде сабақ өткізеді.

  • Educon Dostyk – әр сейсенбі сағат 19.00-де қазақ тілінде, ал сағат 20.00-де орыс тілінде «Dostyk Bilim» YouTube арнасында тікелей эфирде сабақ өтеді.

  • Zerdeli – әр сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 20.00-де «Zerdeli.kz» YouTube арнасында тікелей эфирде сабақ өткізеді.

  • Sabaq online – әр сенбі сағат 15.00-де «Sabaq online» YouTube арнасында тікелей эфирде сабақ өткізеді.

  • Samga – жұма күні сағат 20.00-де «Samga online» YouTube арнасында тікелей эфирде сабақ өткізеді.

  • Daryn online – әр сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма күндері сағат 18.00-де «Daryn online» YouTube арнасында тікелей эфирде сабақ өткізеді.

Ұлттық тестілеу орталығы барлық сабақтардың сақталатынын мәлім етті.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: