ҰБТ-ға дайындалу үшін тегін сынақ тестін онлайн тапсыруға болады
Орталықтың сайтында тестілеуден онлайн түрде өтуге болады.
Ол үшін тестілеушілер ЖСН енгізіп, бейіндік пәндер комбинациясын таңдап, сынаққа қатыса алады.
Сынақ тестілеуі талапкерлерге ҰБТ-ға жақсы дайындалуға және қай тақырыптарды одан да тереңірек зерделеу керек екенін түсінуге көмектесу үшін жасалған.
Талапкерлерге ыңғайлы болу үшін біз ҰБТ-ға дайындалу үшін сынау онлайн тестін іске қостық. Бұл біздің талапкерлерге егін. Сынақ тестілеуінен өту кезінде талапкер тест тапсырмаларымен танысуына және таңдалған пәндер бойынша өзінің білім деңгейін тексеруіне мүмкіндігі бар. Биыл ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай жасап, оларға ҰБТ тапсыру кезінде қосымша 40 минут қостық. Сонымен қатар ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін биыл алғаш рет суретсіз, сызбасыз және диаграммасыз тапсырмалар әзірлендіБілім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев
Қазіргі ҰБТ-ның тағы бір жаңалығы және балалардың білімін шыңдауына үлкен мүмкіндік – әр пәнге жеке тақырыптық талдау жасау. Сонымен бірге Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ-ға дайындық бойынша тегін онлайн сабақтардың санын көбейтті.
Сонымен қатар былтырдан бастап талапкерлерге калькулятор, Менделеев кестесін және тұздың ерігіштік кестесін пайдалануға рұқсат етілді.
Онлайн сынақ тестілеуі Ұлттық біліктілік тестілеуін тапсыратын педагогтер үшін де қолжетімді. Сынақ тестілеу технологиясы негізгі тестілеуге сәйкес келеді, яғни педагогтер 2 блок бойынша тест тапсырады. Оның көмегімен мұғалімдер өздерінің біліктілік деңгейлерін тексеріп, негізгі сынаққа дайындала алады.Білім және ғылым министрлігі
Мұғалімдер ҰТО сайтында сынақтан өте алады. Сынақ онлайн тестілеу Ұлттық біліктілік тестілеуін тапсыратын мұғалімдер үшін де қолжетімді.