Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Алматы тұрғындарымен кездесу өткізді

Жұмыс сапары Сурет: gov.kz
ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Е.Жамаубаев Алматы қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуде ҚР Қаржы министрлігі аппаратының басшысы Абзал Бейсенбекұлы және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абдыкадыров Алишер баяндама жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Басты назарда жаңа жұмыс орындарын құру, шағын және орта бизнесті дамыту, сондай-ақ бюджеттік жоспарлауды жетілдіру, салықтық және кедендік әкімшілендіруді цифрлық трансформациялау және т. б. мәселелер болды.

Осылайша, Алматы қаласы бойынша барлық негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер негізінде оң динамика байқалады. Атап айтқанда құрылыс (+14,9%), өңдеу өнеркәсібі (+13,3%), көлік қызметтері (+9,3%), сауда қалалық экономиканың ірі саласы ретінде тиісінше 2,6% - ке өсті.

2022 жылы кәсіпкерлікті қолдауға арналған бюджет 5 млрд. теңгеге ұлғайып, 48,1 млрд теңгені құрады.

Бүгінгі таңда 1344 шағын және орта бизнес жобасы 73,7 млрд теңгеге қаржыландырылды. Нәтижесінде ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны бір жылда 33,7%-ке өсіп, 262,6 мыңға жетті.

"Алматы қаласын 2025 жылға дейін дамыту және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар бағдарламасы" экспорттық әлеуеті бар экономиканың басым секторларында еңбек өнімділігі жоғары жұмыс орындарын құруға бағытталған. Атап айтқанда, Индустриалды аймақта қалыптасып жатқан автомобиль кластерін жүзеге асыру, IT хаб – Digital City құру, заманауи өнер мұражайын салу, сондай-ақ Smart City бастамасын және басқа да цифрлық шешімдерді жүзеге асыру.

Жаңа Қазақстан халықтың өмір сүру сапасын түбегейлі жақсартуды және ұлттық табыстарды дұрыс бөлуді талап етеді. Осыған байланысты әлеуметтік-экономикалық дамудың басым міндеттерін іске асыру, сондай-ақ Мемлекет басшысының бастамаларын, оның ішінде Алматы қаласы бойынша да нақты шаралар қабылданатын болады.

Кездесу барысында Ерұлан Жамаубаев Алматы қаласы тұрғындарының сұрақтарына жауап беріп, баспасөз конференциясына қатысты. Сондай-ақ азаматтарды жеке қабылдап, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ағымдағы мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз