Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында қаржы пирамидасына қатысты іс бойынша 25 адам сотталды

Қаржы пирамидасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.10.2022 22:42 Сурет: polisia.kz
Түркістан облысында "Evolution Corporation" және "Индиго 24" қаржы пирамидалары бойынша қозғалған іске нүкте қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін қаржы пирамидасы бойынша Түркістан облысы полицейлерінің тергеуінде болған 2 мыңнан астам жәбірленушінің ісіне нүкте қойылды. Нақтырақ айтсақ, полицияға 2020 жылдан бастап “Evolution Corporation” мен “Индиго 24” ЖШС қаржы пирамидасының құрбаны болған азаматтардан арыздар түскен. Олар республиканың 6 облыс пен қалаларының тұрғындары. Сол сәтте жасалған қылмыстың ауқымы ескеріліп, ҚР ІІМ-нің бұйрығымен қылмыстық іс Түркістан облысы Полиция департаментінің базасында жүргізіліп, тәжірибелі тергеушілер тобы құрылған болатын.

Топты Түркістан облысының тәжірибелі тергеушілерінің бірі Алтынай Жолымбекова басқарды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру бір жылдан астам уақыт бойы жалғасты. Жедел қолға алынған жұмыстар нәтижесінде қаржы пирамидасын құруға және оны басқаруға қатысы бар деген күдікпен полиция қызметкерлері 25 адамды анықтап, ұстады.

Олардан компьютерлік техника, жылжымалы және жылжымайтын мүліктер тәркіленді. Осы уақыт ішінде полицейлер мен прокурорлар күдіктілердің кінәсінің дәлелдерін жинау бойынша ауқымды жұмыстар атқарды. Сараптаманың 15 түрі тағайындалды. Тергеушілер қылмыстық топтың бірнеше жылдар бойы салымшыларға ақшалары еселеп қайтатыны бойынша уәде етіп, тұрғындардан алаяқтық жолмен 3 миллиард теңгеден асатын қаражатты иемденгенін анықтады. Қылмыстық топтың ұйымдасқан сипатта болғаны, жоспарланған түрде әрекет еткені және әр қатысушының рөлдері нақты бөлінгені дәлелденді. Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Нәтижесінде тәжірибелі тергеушілер мен прокурорлардың келісімімен айыптау актісімен 1000 томдық қылмыстық істі сотқа жолданды. Бүгін осы қылмыстық іс бойынша соттың үкімі шықты.

Атап айтсақ, қаржы пирамидасының ұйымдастырушы, құрылтайшылары болып саналатын 3 адам 12 жылға, ал олардың орынбасарлары болған 5 күдікті 10 жылға, қалған 17 күдікті 8 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Сотталушылардың ең үлкені 55 жастағы әйел болса, ең жасы – 31 жаста.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: