Ақмола облысында қаржы пирамидасын ұйымдастырушы сотталды
Сурет: Zakon.kz
Ақмола облысында 2 мыңнан астам азамат қаржы пирамидасының құрбаны болды. Ұйымдастырушы сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақмола облысы бойынша ҚМА департаменті «River Coins Limited» қаржылық пирамидасын құру және басқару бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
Ұзақ уақыт желілік маркетингпен айналысып келген Г.У.Уралбаеваның қаржылық пирамида жүйесі арқылы жеке тұлғалардан ақша тарту арқылы табыс табу мақсатында компания құруға бел буғаны анықталды.
Г.У.Уралбаеваның заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде пирамиданың жұмыс істеу кезеңінде «River Coins Limited» қаржы пирамидасын құруға және басқаруға 2 мыңнан астам жеке тұлға тартылған, келтірілген шығын көлемі 18 миллион теңгеден асады.
Сот Уралбаева Г.У. қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript