Ақтөбеде қаржы пирамидасын ұйымдастырған бірнеше адам сотталды

Ақтөбе, қаржы пирамидасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2022 16:13 Сурет: Zakon.kz
Ақтөбе қалалық №2 соты "Гарант 24", "Выгодный займ" және "ESTATE Ломбард" қаржы пирамидаларының ұйымдастырушылары мен қатысушыларына қатысты айыптау үкімін шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе облысы ПД Тергеу басқармасы өкілінің мәлімдеуінше, қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар 18 жылға бас бостандығынан айыруға, ал қатысушылары 6 жылдан 18 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Аталған қылмыстық іс 2021 жылдың маусым айында сотқа жолданған болатын. Қылмыскерлер 17 000 қазақстандықты алдап, 30 млрд теңгеден астам шығын келтірген болатын. Ақтөбе облысы ПД Тергеу басқармасы бастығының орынбасары Нұрболат Сұлтанов
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: