Алматыда жол апатын жасаған автобус жүргізушісі жөнінде автопарк басшылығы пікір білдірді
"Olzhas LTD" ЖШС автобазасының басшысы Шыңғыс Байқадамов компания автобус соққан үйді толығымен жөндейтінін айтты. Сондай-ақ, отбасына барлық қажетті көмек көрсетіледі.
Мен таңертең оқиға болған жерге барып, зардап шеккен тұрғындармен сөйлестім. Үй иелері уақытша баспана тапқан кезде, олардың тұру ақысын төлейміз. Сондай-ақ, келтірілген шығынды анықтағаннан кейін ғимаратты қалпына келтіруге көмектесеміз, – деді серіктестік директоры Шыңғыс Байқадамов.
Автопарк басшылығы құрылысты қалпына келтірудің нақты мерзімін айта алмады. Бірақ ол барлық құжаттама дайын екенін атап өтті. Мамандар үйді тексеріп болған соң құрылыс бригадалары бірден жұмысқа кіріседі.
Автопарк өкілі зардап шеккен 49 жастағы автобус жүргізушісінің жағдайы туралы да айтты. Қазір ол ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Оның басы және беті жарақаттанған. Сондай-ақ компания жәбірленуші кәсіпорында 2019 жылдан бері жұмыс істейтінін, жалпы жұмыс өтілі 15 жылдан асқанын екенін атап өтті.
Қызметкердің, негізінен, мінездемесі жақсы. Ол жол қозғалысы ережелерін көп бұзе бермейтін. Мұндай жағдай біздің автопаркте бірінші рет болып отыр. Шыңғыс Байқадамов
Оқиға 10 қазан күні кешкі уақытта болған. Қалалық №141 бағыттағы автобустың жүргізушісі электр бағанасын бұзып, жеке тұрғын үйге кіріп кеткен. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, жүргізуші ұялы телефон арқылы біреумен хат жазысқан. Апат салдарынан алты жолаушы, оның ішінде бір бала мен жүргізуші зардап шекті.