"Бір адамға шұғыл ота жасалуда". Астанада автобус жол апатына ұшырап, 10 адам зардап шекті

Дәрігер, Астана, жолаушылар автобусы, жол апаты, 10 адам, зардап шекті, ота, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.06.2025 23:19 Сурет: Zakon.kz
Астанада полиция 2 маусымда Республика даңғылы бойында жолаушылар автобусының қатысуымен болған жол апаты фактісі бойынша тергеуді бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәліметтер бойынша, салонында жолаушылары бар автобус жүргізушісі маневр жасау кезінде рөлге ие бола алмай, ақпараттық тақта ілінген бағанға соғылған.

"Жол апаты салдарынан зардап шеккендер бар. Жедел медициналық жәрдем бригадасы зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетуде. Оқиға фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жан-жақты тексеру жүргізілуде, барлық жағдайлар анықталатын болады", - деді полиция департаменті.

Сондай-ақ, салалық басқарма хабарлағандай, алдын ала мәліметтер бойынша, 10 адам түрлі қалалық стационарларға жеткізілген.

"Алынған жарақаттарына сәйкес, зардап шеккендердің екеуі ұлттық жедел медициналық үйлестіру орталығына жеткізілді. Оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі. Ауыр жағдайда зардап шеккендердің біріне шұғыл ота жасалуда. Жедел жәрдем бригадалары оқиға орнында жұмысын жалғастырып, көмек көрсетуде", - деді ведомстводан.

Бұған дейін Астананың сол жағалауындағы жолаушылар автобусы бағанға соғылғаны хабарланған болатын

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: