Алматыда автобус жүк көлігімен соқтығысып, тротуарға ұшып кетті
Сурет: Zakon.kz
Алматыда №44 бағыттағы автобус MAN жүк көлігімен соқтығысты. Автобус жолаушылары зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Автобус Әшімов көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, қиылыстан өте бергенде, қарсы беттен жүк көлігі шығып, соғылған. Жол-көлік апаты салдарынан автобус жолдан тротуарға қарай сырғып, жолай бірнеше ағашты құлаттып өтті.
Апат салдарынан төрт адам ауруханаға жеткізілді, автобустың қалған жолаушылары ауруханаға жатқызудан бас тартты.Оқиға орнында жол полициясы жұмыс істеп жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript


