Жаңалықтар тізбегі
0

Елордалық полицейлер жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге ескерту жасады

Көктайғақ, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2022 10:32 Сурет: Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысында 22 қазанда сағат 22:30-дан бастап 6 жол учаскесі жабық екені ескертілген болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге ауа райының нашарлауына байланысты жолдарда қиын жағдай туындауы мүмкін екенін ескертеміз. Көлік құралын басқару күрделене түседі, яғни апаттар ықтималдығы артады. Қала жолдарында және жекелеген учаскелерінде, атап айтқанда жол өткелдерінде, айналма жолда көру мүмкіндігінің шектелетінін ескеру қажет, көктайғақ болуы мүмкін. Астана қалалық ПД баспасөз қызметі

Бұл күндері Астана - Щучинск бағыты бойынша тас жол ауа райына байланысты жабық тұрғаны да ескертілді.

Құрметті жүргізушілер, жол ережелерін сақтаңыздар, жолда өте мұқият және сақ болыңыздар. Жылдамдық режимін, қашықтықты сақтап, жол белгілерінің талаптарын орындау қажет. Жаяу жүргіншілер жолдан өту кезінде көліктің тежегіш мүмкіндігі ылғалды және тайғақ жолда ұлғаятынын ескеру қажет, - дейді полициядағылар.

Айта кетсек, синоптиктер жексенбіде Ақмола облысы мен СҚО-да қолайсыз ауа райына байланысты 9 жол учаскесі жабылатынын хабарлаған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: