Ақмола облысы мен СҚО-да қолайсыз ауа райына байланысты 9 жол учаскесі жабылды

Қолайсыз ауа райы, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2022 23:09 Сурет: pixabay
Ауа-райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысында сағат 22:30-дан бастап 6 жол учаскесі жабылды, атап айтқанда, негізінен, Көкшетау қаласынан шығатын жолдар, де хабарлайды Zakon.kz.

Республикалық маңыздағы автокөлік жолдарының ұлттық операторы мәліметінше, қазір төменде көрсетілген жол учаскелері жабық тұр:

  • Астана - Петропавл тас жолының 304-341-ші шақырымдағы аралығы

  • Көкшетау - Рузаевка тас жолының 0-61-ші шақырымдағы аралығы

  • Көкшетау қаласының айналма жолының 0-18-ші шақырымдағы аралығы

  • Көкшетау - Омбы тас жолының 2-50-ші шақырымдағы аралығы

  • Көкшетау - Атбасар тас жолының 0-48 шақырымдағы аралығы

  • Астана - Петропавл тас жолының 231-304 шақырымдағы аралығы (Щучинск қаласынан Көкшетау қаласына дейінгі учаске)

Қар тазалау жұмыстарын жедел атқару үшін 18 арнайы техника жұмысқа кіріскен.

Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан өңірінде де сағат 22:50-ден бастап бірқатар жол учаскелері жабылды:

  • Астана - Петропавл тас жолының 34 -392-ші шақырымдағы аралығы (Ақмола облысының шекарасынан Рощинское ауылына дейін)

  • Көкшетау - Рузаевка тас жолының 61-196-шы шақырымдағы аралығы (Ақмола облысының шекарасынан Рузаевка ауылына дейін)

  • Көкшетау - Омбы тас жолының 50-85-ші шақырымдағы аралығы (Ақмола облысының шекарасынан Чекалов ауылына дейін )

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: