Жаңалықтар тізбегі
0

Депозиттер бойынша өтемақы төленетіні хабарланған соң алаяқтар көбейе бастады

Интернет алаяқтар, депозит, сыйақы, өтемақы, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2022 14:12 Сурет: pexels
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры әлеуметтік желілерде алаяқтар көбейгенін мәлімдеді. Олар жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері бойынша 10% көлемінде өтемақы төленетіні туралы хабарламадан соң белсенді бола бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шабуылдаушылар жеке пайдаланушы деректерін жинау үшін фишингтік хабарламалар мен сайттарды жиі пайдаланады.

Сондай-ақ ҚДКБҚ әлеуметтік желілерде депозиттер бойынша өтемақы алу үшін "тіркеуге бір-ақ апта қалды" деген сияқты жалған ақпараттың таралғанын тіркеді.

Өтемақы алу үшін тіркелу қажет емес. Қазақстандық банктердің салымшылары 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін 10 пайыздық өтемақы алуға келісім беру үшін банкке жүгінуге құқылы. Сіз мұны тікелей банктің өзінде немесе онлайн режимінде төлемдер мен аударымдар үшін пайдаланатын банкіңіздің ресми мобильді қосымшасында жасай аласыз, – дейді Депозиттерге кепілдік беру қорының сарапшылары.

Сондай-ақ ҚДКБҚ мамандары өтемақы төлеуге қатысты сұрақтар бойынша депозитіңіз бар банкке тікелей хабарласуға кеңес берді.

Азаматтарды ақпарат арналарын міндетті түрде тексеріп, тек ресми дереккөздерге сенуге шақырамыз.Депозиттерге кепілдік беру қорының сарапшылары

Сондай-ақ олар интернетте өтемақы төлеу туралы күмәнді жарнамаларды елемеу және жеке деректерді белгісіз адамдарға жарияламау керек екенін айтты.

Қазақстандық банктер салымшылардан өтемақы төлеуге келісім беру туралы өтініштерді әлі де қабылдап жатыр. Төлемдерді банктер 2023 жылғы 23 ақпаннан кейін Ережеде белгіленген мерзімдерде жібереді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: