Жаңалықтар тізбегі
0

5 миллионнан астам қазақстандық теңгедегі депозиттер бойынша өтемақы ала алады

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры, салымшы, депозит, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.10.2022 13:40 Сурет: Zakon.kz
Қазақстандық банктер жеке тұлғалардың 2022 жылғы 23 ақпанды қоса алғанда ашылған теңгедегі депозиттері бойынша 10% көлемінде өтемақы (сыйлықақы) төлеуге өтінімдерді әлі де қабылдап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

10% сыйлықақыны алу үшін салымшылар 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін өтініш-келісім беруі керек.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының мәліметінше, өтемақы алу үшін салымшы 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін өтініш беру арқылы келісімін растауы керек. Кейбір банктерде төлемге онлайн өтініш беру мүмкіндігі бар.

Әр банк өз бетінше анықтайтын өтемақы төлеудің шарттарын, тәртібі мен мерзімін білу үшін салымшылар депозит ашылған банкке тікелей хабарласуы қажет. Тиісті ақпарат ЕДБ ресми сайттарында да бар.

Біз салымшыларды өтемақы алу мүмкіндігін пайдалануға шақырамыз. Егер сізде 2022 жылдың 23 ақпанына дейін депозит ашылған болса, сіздің бұл сыйлықақыны алуға құқығыңыз бар. Өтемақы салымының ең жоғары сомасы 20 миллион теңге болғанымен, статистика көрсеткендей, өтемақы төлеуге негізінен 1 миллион теңгеге дейінгі депозиттер жатады. ҚДКБҚ төрағасы Әділ Өтембаев

Төлемдерді банктер 2023 жылғы 23 ақпаннан кейін Ережелерде белгіленген мерзімдерде жүргізетінін естеріңізге саламыз.

Жинақ, мерзімді, мерзімдісіз, сондай-ақ білім беру жинақтау салымдары және тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесіндегі жинақтар мен салымдар өтеуге жатады.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДКБҚ) ақпаратына сәйкес, 2022 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша 5 миллионнан астам салымшының салымдары өтемақыға жатады. Олардың ішінде салымшылардың 97% 5 миллион теңгеге дейін депозиті болса, басым бөлігі (86 %) 1 миллион теңгеге дейін салым.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: