Қазақстандықтарды аязды демалыс күндері күтіп тұр
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, республиканың басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі.
5 қарашада Солтүстік Қазақстан облысында – қалың қар, 6 қарашада Шығыс Қазақстан облысында, 7-8 қарашада республиканың оңтүстік облыстарында – қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.
Республика бойынша тұман, көктайғақ, екпінді жел күтіледі, солтүстік жартысында бұрқасын болады.
7 қарашада республиканың батысында жауын-шашын тоқтатылады деп күтілуде.
Ауа температурасы:
батыста түнде 5 аяз-5 жылы, күндіз 0-10 жылыдан 2 аяз-5 жылыға дейін біртіндеп төмендейді;
солтүстік-батыста, солтүстікте түнде 6 аяз-5 аяздан 0-8 аязға дейін аздап төмендейді, күндіз 3 аяз-5 аяздан 5 аяз-2 ыстыққа дейін;
шығыста түнде 3 аяз-5 аяздан 7 аяз-2 жылыға, күндіз 5-11 жылыдан 3 аяз-5 жылыға дейін шамалы төмендейді;
орталықта түнде 0-8 аяз, күндіз 3 аяз-5 ыстық;
оңтүстікте түнде 0-10, күндіз 3-12 жылы;
оңтүстік-шығыста түнде 0-8 градус аяз, таулы аймақтарда 0-5 градус аяз, күндіз 10-15 градус аяз, таулы аймақтарда 3-8 градус аяз болады.