Аяз бен қар: қазақстандықтарды күздің салқын ауа райы күтіп тұр

Қазақстанның кей өңірлерінде аяз болады, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.09.2022 11:11 Сурет: pixabay
Синоптиктер Қазақстанда 2022 жылдың 13-15 қыркүйек күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Солтүстік-батыс суық антициклон еліміздің солтүстік жартысына әсер етеді.

Республиканың батысында, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен жаңбыр күтіледі, шығыстың, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр түнде көктайғаққа айналуы мүмкін. «Қазгидромет» РМК

Синоптиктердің болжамынша, 14-15 қыркүйекте Қазақстанның шығысында - қатты жаңбыр жауады.

Сондай-ақ республика бойынша қатты жел соғады.

15 қыркүйекте түнде Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталықта, шығысында, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында -3°С дейін аяз болуы мүмкін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: