Жаңалықтар тізбегі
0

Президент Маңғыстаудың ауыл шаруашылығы саласындағы әлеуетін арттыруды тапсырды

Ауылшаруашылығын жақсарту керек, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.11.2022 13:34 Сурет: primeminister.kz
Маңғыстау облысы жұртшылығымен кездесуінде Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі агроөнеркәсіп саласы – ел экономикасын дамыту ісіндегі стратегиялық басымдықтың бірі деді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мен халықаралық форумдарда әлемдік нарыққа азық-түлік өнімдерін көптеп шығара аламыз деп жиі айтамын. Бұған бізде мол мүмкіндік бар. Бірақ, ең алдымен, өз елімізді сапалы әрі арзан азық-түлікпен қамтамасыз етуіміз керек. Маңғыстау өңірі үшін бұл мәселе айрықша маңызды. Аймақ тұрғындары жыл сайын 100 миллион доллардың азық-түлігін сырттан алады. Мұндай тәуелділік оның бағасына тікелей әсер ететіні белгілі. Тоқаев

Жыл басынан бері азық-түлік бағасы 20 пайыздан астам қымбаттаған. Көбіне мұндай ахуалдың қалыптасуына аймақтың орналасқан жері және логистика мәселелері себеп болып отыр.

Облыс халқы қиындыққа тап болғанда жұртымыз бүкіл ел болып көмек қолын созды, берекелі бірлігін көрсетті. Маңғыстау облысы жыл сайын мал азығының 75 пайызын басқа облыстардан алады. Сондықтан, жем-шөптің бағасын арзандату мәселесі өте өзекті. Жергілікті жем-шөп қорын көбейту қажет. Өзге өңірлерден мал азығын тасымалдау үшін жеңілдетілген тарифтер енгізу жолын қарастыру керек. Агроөнеркәсіп кешенінің өнімділігін арттыру үшін ғылыми мекемелермен тығыз ынтымақтастық орнату маңызды. Сондай-ақ, қолда бар мүмкіндікті және өңірдің ерекшеліктерін тиімді пайдаланған жөн. Мысалы, бұл жақта жыл бойы – күн ашық. Сондықтан, жылыжай салу арзанға түседі. Оның жылуы мен жарығына электр қуаты аз жұмсалады. Суы аз, топырағы құнарсыз жерде ауыл шаруашылығын дамытудың бірден-бір жолы – жаңа технологияларды енгізу. Ауа райы осы аймаққа ұқсайтын Израиль сияқты елдердің озық тәжірибесін мұқият зерттеу қажет. Президент
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: