Алматыда ішінде жүкті келіншек болған жеделсаты 13-қабаттан төменге құлаған
Сурет: куәгерлер түсірген сурет
Алматыда Құсайынов көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде жеделсаты 13-қабаттан төменге құлдилай құлаған. Жеделсаты ішінде жүкті келіншек болғаны айтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға орнына қалалық ТЖД қызметкерлері мен дәрігерлер шұғыл келіп жетті.
Zakon.kz дерек көзінің мәліметінше, құлаған жеделсатыны 14-қабатқа қайта көтеріп қойған.
Жүкті келіншек тірі. Ол қатты шошынып қалған. Өйткені бір сәтте жеделсаты бар жылдамдықпен төменге құлдилай жөнелген. Дегенмен ол өзін жақсы сезінеді.
Қазіргі уақытта зардап шегушіге алғашқы көмек көрсетіліп жатыр.
Редакция қалалық ТЖД-ға сауал жолдады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript