Павлодарда ғимаратқа заңсыз жолмен кірмек болған ер адамды жеделсаты қысып қалды
Сурет: pixabay
Павлодарда Мир көшесіндегі ғимараттардың біріне заңсыз кірмек болған ер адам жеделсаты шахтасында қысылып қалып қойған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқыс оқиға 2022 жылы 10 тамызда орын алды. Шақырту бойынша оқиға орнына келіп жеткен полиция жасағы құтқарушылармен бірге қолы қысылып қалған ер адамды жеделсатыдан алып шықты.
Бес қабатты бос ғимараттың шатырында жүк тиейтін жеделсаты шахтасында трос пен механизм тұғыры арасына ер адамның оң қолы (иығы) қысылып қалғаны анықталды. Құтқарушылар жеделсаты қызметінің қызметкерлерімен бірге 27 жастағы қала тұрғынын құтқарды. Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі
Қазір ПД бұл ғимаратта ер адамның не бітіріп жүргенін анықтап жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript