Ақтауда үстіне жеделсаты құлап, ер адамды мерт қылды

Жеделсаты, Ақтау, қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2023 20:26 Сурет: pxhere
Қайғылы оқиға Ақтаудағы супермаркеттердің бірінде болған. Нан толы арбаны қойманың ішінен алып шыққалы жатқанда ер адамның үстіне жеделсаты құлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтауда үстіне жеделсаты құлап, 34 жастағы ер адам мерт болды. 

Өңір полициясы қайғылы оқиға 2023 жылдың 24 қазанында сағат 01:10-да 3-ықшам аудандағы ғимаратта болғанын хабарлады.-

"Аталған факт ҚР ҚК 156-бабының 3-бөлігі бойынша Ақтау қалалық СДТБТ-да тіркелген (Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларын бұзу). Сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді", делінген полиция хабарламасында.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: