Жаңалықтар тізбегі
0

Жаркентте Audi көлігі ер адамды қағып, мерт қылды

Қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.06.2023 20:55 Сурет: pixabay
Audi-100 автокөлігінің дөңгелегі астына түсіп, мерт болған ер адамның 48 жастағы жергілікті тұрғын екені нақтыланады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол апаты 13 маусымда таңертең Головацкий-Бусаков көшелерінің қиылысында орын алған.

"Жаяу жүргіншінің өліміне әкеліп соққан жол апаты бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары басталды. Шетел көлігін 21 жастағы жігіт тізгіндеген", делінеді Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі хабарламасында.

Автокөлік арнайы автотұраққа орналастырылды.

Полиция азаматтарды жолдан өту кезінде өте сақ және мұқият болуға шақырады. 

Айта кетсек, бүгін БҚО-да жеңіл көлік пен жылқы соқтығысып, бір адам қаза тапқаны хабарланған

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: