БҚО-да жеңіл көлік пен жылқы соғылып, бір адам қаза тапты
Сурет: БҚО ДП баспасөз қызметі
13 маусым күні таңғы 05:20 шамасында Казталовка – Жәнібек автожолының 18 шақырымында Lada-2110 автокөлігі жылқымен соқтығысып, салдарынан 30 жастағы көлік жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыстық полиция департаменті ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын мәлімдеді.
Полиция қызметкерлері жылқының иесін анықтап, тапты.
"Ол Казталов ауданына қарасты Бірік ауылының 35 жастағы тұрғыны. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК 408-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды".БҚО ДП баспасөз қызметі
Сондай-ақ полицейлер жылқының иесіне қатысты шешім қабылдауға ветеринариялық инспекцияға жіберу үшін ҚР ӘҚБтК 406-бабы бойынша материал жиналақталғанын атап өтті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript