Жаңалықтар тізбегі
0

Қостанай облысында қарама-қарсы келе жатқан екі көлік соғылып, екі адам қаза тапты

Қостанай облысы, Қостанай-Сарыкөл автожолы, Октябрь ауылы Сурет: Telegram/POLICE_of_KZ
Қостанай – Сарыкөл автожолында ВАЗ-21099 автокөлігі мен Toyota Alphard көлігі бетпе-бет соқтығысып, салдарынан екі жүргізушісі де қаза тапты, ал жолаушылар түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға 28 шілде сағат 21:00 шамасында Қостанай – Сарыкөл автожолында, Октябрь ауылынан 15 шақырым жерде болған.

"ВАЗ-21099 автокөлігінің 22 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, Toyota Alphard көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Онда үш жолаушы, арасында жүкті әйел болған", – делінген хабарламада.

Апат салдарынан Ваз жүргізушісі мен Toyota жүргізушісі алған жарақаттарынан қайтыс болды. Түрлі жарақаттары бар үш жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Ведомство өкілдері ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Қазір болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз