Қарағандыда BMW тізгіндеген 19 жасар жігіт велосипедтегі ер адамды қағып, мерт қылды
Сурет: eKaraganda
2023 жылы 12 қазанда Қарағандыда жол апаты орын алды. Велосипед тізгіндеген 57 жастағы ер адам мерт болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
19 жастағы BMW жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан велосипедшіні қағып кетті. 57 жастағы ер адам ауыр жарақат алып, қаза тапты, деп жазады ekaraganda.kz.
"12 қазанда Магнитогорская көшесінде BMW көлігінің жүргізушісі жолдың сол жағынан оңға қарай реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан велосипедшіні қағып кетті. Аталған фактіні полиция тіркеді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуальдық шешім қабылданады". Қарағанды облысы ПД
Полицияның мәліметінше, велосипедші жаяу жүргіншілер жолағынан велосипедке мінген күйі өткен.
Бір апта бұрын Алматыда бірден екі адам қаза тапты: бірі скутерде, екіншісі мопедте болған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript