Қостанай облысында жоғалып кеткен "Қазпошта" қызметкерінің денесі табылды

Жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2022 17:36 Сурет: скриншот
Қарашаның 9-ы күні полиция қызметкерлері жоғалып кеткен Қарабалық ауданының тұрғыны, Қазпошта қызметкері Галина Галкинаның денесін тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция департаменті бұл ақпаратты растады. Ведомствоның түсіндіруінше, мәйіт 15:00-де далада жүргізілген іздестіру шаралары кезінде табылған.

Сотқа дейінгі тергеу басталды. Өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Бойжеткен 3 қарашада жоғалып кеткен. Анасы сол күні арызбен полицияға барған. Одан кейін "10-аймақ" жедел-іздестіру жасағы іздеуге кірісті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: