Алматыда құбыр жарылып, көшеде ыстық су атқылады
Сурет: Zakon.kz
10 қарашада Алматыда Шәріпов пен Гоголь көшелерінің қиылысында құбыр жарылған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Куәгерлер видеоны әлеуметтік желіде жариялады. Жер астынан атқылаған фонтан бірнеше метрге дейін жетті. Судың ыстық екені айтылды. Жақын маңдағы жолдар мен аулаларды су басты.
Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатыр. Шұңқырдың жанында мектеп бар.
Зардап шеккендер туралы ақпарат әлі түскен жоқ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript