Жаңалықтар тізбегі
0

Алматының Шәріпов көшесінде жарылған жылу құбыры қалпына келтірілді

Алматы, жылу құбыры, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2022 09:30 Сурет: Zakon.kz
11 қараша күні Алматыдағы Шәріпов көшесінде (Шәріпов пен Гоголь көшелерінің қиылысының солтүстігінде) болған жылу трассасындағы апаттың салдары жойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласының энергетика және сумен жабдықтау басқармасы "Алматы жылу желілері" ЖШС бригадасы диаметрі 400 мм құбырды қалпына келтіруді аяқтағанын мәлімдеді.

Сондай-ақ сынақ жүргізілгеннен кейін жылу магистралі пайдалануға берілді және түнгі сағат 2.40-та жылу беру қалпына келтірілді әрі белгіленген режимде жұмыс істеп тұр.

Шәріпов көшесіндегі көлік қозғалысы да қалпына келтірілді.

Асфальттың жабындысын ауа райы қолайлы болған жағдайда ағымдағы жылдың 13 қарашасына дейін қалпына келтіру жоспарланды.

10 қараша күні Алматының Шәріпов көшесіндегі жылу магистралі жарылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: