Алматыда құбыр жарылып, көшеде ыстық су атқылады

Алматыда құбыр жарылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2022 17:34 Сурет: Zakon.kz
10 қарашада Алматыда Шәріпов пен Гоголь көшелерінің қиылысында құбыр жарылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Куәгерлер видеоны әлеуметтік желіде жариялады. Жер астынан атқылаған фонтан бірнеше метрге дейін жетті. Судың ыстық екені айтылды. Жақын маңдағы жолдар мен аулаларды су басты.

Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатыр. Шұңқырдың жанында мектеп бар.

Зардап шеккендер туралы ақпарат әлі түскен жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: