"Басынан ұрған". СҚО-да түрмеде жазасын өтеп жатқан адам мерт болды
Сурет: Zakon.kz
9 қарашада СҚО Айыртау ауданы Новоукраинка ауылында орналасқан №51 РММ төтенше қауіпсіз мекемесінде 1994 және 1976 жылғы сотталғандар арасында жанжал орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өзара айтыс-тартыс кезінде олардың бірі екіншісінің басына қатты соққы жасаған.
1976 жылғы жәбірленуші Айыртау ауданындағы орталық аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды, алайда ол есін жимастан көз жұмды. Бұл факті ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігі бойынша (Кісі өлтіру) тіркелді. ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Ұсталған адам Айыртау аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тергеу әрекеттері қолға алынды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript