Тоқаев президент лауазымы туралы өз ойын айтты
Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Алматы халқымен кездесуінде президент лауазымы туралы ойын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Менің түсінігімде, Президент – жалдамалы менеджер, халық онымен белгілі бір мерзімге келісімшарт жасайды. Азаматтардың еркін таңдауының нәтижесінде елдегі ең жоғары мемлекеттік лауазымға ие болған адам миллиондаған отандастарының дауысымен бекітілген келісімшартқа қол қояды. Қасым-Жомарт Тоқаев
Сондықтан Президенттің лауазымы – артықшылықтан бұрын зор жауапкершілік. Бұл қызметті атқарған және атқаратын әрбір адам ең қатал үш соттың – халықтың, тарихтың және өз ар-ұжданының алдында жауап береді.
Сенім – елдің игілігі мен дамуына, халықтың ынтымағына негіз болатын қастерлі ұғым. Президент
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript