Тоқаев: Халқымыздың бірлігі – Қазақстанның егемендігі мен дербестігінің кепілі
Сурет: Zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысының халқымен кездесуінде әлемдегі қазіргі саяси ахуалға тоқталып, халықтың бірлігі еліміздің егемендігінің кепілі екенін баса айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның сөзінше, халқымыздың бірлігі біздің баға жетпес байлығымыз әрі стратегиялық артықшылығымыз. Бүгінде әлем жоғары геосаяси турбуленттілік пен бұрын-соңды болмаған жаһандық сын-қатерлер кезеңіне аяқ басты. Қақтығыстар мен соғыстар көбейіп, елдер арасындағы сенімсіздік күрт артты.
Мұндай күрделі кезеңде халқымыздың бірлігі, қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты нығайтудың маңызы ерекше. Бұл – еліміздің одан әрі ілгерілеуінің, сондай-ақ Қазақстанның аумақтық тұтастығын сақтаудың, еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты шарты. Қасым-Жомарт Тоқаев
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript