Нұрлан Әуесбаев: Оппозиция туралы заң қабылдану керек

Сайлаушылармен кездесу Сурет: Алматы қаласы әкімдігі
ҚР президенттігіне Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан үміткер Нұрлан Әуесбаев оппозиция туралы заң қабылдану керектігін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ол Астанадағы сайлаушыларымен кездесуі кезінде айтты.

Оның айтуынша, оппозицияға да халықтың айтқан әңгімесін жоғары мінберден айтатын мүмкінкіндіктер берілуі керек. Ондай елде келеңсіз жағдайлар болмайды.

Кейбіреулер Парламентте оппозиция бар ғой деп айтып жүреді. Ол жоқ, болған да емес. Өйткені оппозициялық партиялардың ақшасы да, ештеңесі де жоқ. Егер, мысалы сайлауда, не болмаса қандай да бір санақтың қорытындысы бойынша ең кемінде 3 процент алса, онда ол партияның қолдаушысы бар деген сөз. Оларға да белгілі бір көлемде қаражат бөлінуі керек, ақша төленуі тиіс. Ал бізде билік басындағы партиялар қаражат алады, ал одан екі есе жұмыс істеп жатқан оппозициялық партиялар қаржыландыру түгілі қуғын-сүргінде жүреді. Сондықтан осы мәселе бойынша арнайы мәлімдеме жасап, оппозиция туралы заң қабылдануы керектігін қадап айтамын. ҚР президенттігіне Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан үміткер Нұрлан Әуесбаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз