Қазақстанда тыныштық күні басталды

Сайлау Сурет: Zakon.kz
19 қарашада бүкіл ел бойынша тыныштық күні жарияланды. Бұл - сайлау алдындағы үгіт-насихатқа тыйым салынатын дауыс беру қарсаңындағы күн, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тыныштық күні теледидардан сайлауалды видео материалдар көрсетілмейді, газеттер мен үнпарақшалар таратылмайды, сайлаушылармен пікірталастар жүргізілмейді, кездесулер өткізілмейді.

"Тыныштық күнінде" сайлау алды үгіт-насихат жүргізу айыппұлдың салынуына әкеліп соқтырады:

  • жеке тұлғалар үшін - 15 АЕК;

  • шағын кәсіпкерлік субъектілері мен коммерциялық емес ұйымдар үшін - 20 АЕК;

  • орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – 25 АЕК;

  • ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін - 35 АЕК.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз