Қазақстанда сайлау алдындағы тыныштық күні басталды
Сурет: Zakon.kz
Қазақстанда сайлауға дейінгі тыныштық күні басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл күні сайлауға түсіп жатқан саяси партиялардың үгіт жүргізуіне тыйым салынған.
Қазақстанда Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау 2023 жылғы 19 наурызда өтеді. Мәжіліс 98 депутаттан тұрады (бұған дейін 107 еді), оның 69-ы партиялық тізім бойынша, ал 29-ы бір мандатты округтер арқылы таңдалады.
Сайлауға жеті партия Amanat, "Ақ жол", Қазақстан халық партиясы, "Ауыл", Қазақстанның жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы, "Байтақ" және Respublica қатысады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript