Қазақстанда сайлау күні 609 бала дүниеге келді

бала, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2023 22:11 Сурет: pixabay
Қазақстанда бүгін, 19 наурызда Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлау күні 609 бала дүниеге келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, оның 312-і ұл, 297-і қыз және бір егіз.

"Мемлекеттің одан әрі дамуы үшін осындай тағдырлы және маңызды күнде дүниеге келген сәбилерге жарқын болашақ пен зор денсаулық тілейміз! Бүгін республиканың стационарларында емделіп жатқан пациенттер үшін емдеуге жатқызу орны бойынша дауыс беру үшін жағдайлар ұйымдастырылды".Денсаулық сақтау министрлігі

Қазақстанда сағат 20:10-дағы жағдай бойынша халықтың 54,09%-ы дауыс берді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: