8 наурызда Ақтауда алып бала дүниеге келді
Сурет: pixabay
Халықаралық әйелдер күні Ақтаудағы перинаталдық орталықта 22 бала дүниеге келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметінің мәліметінше, мереке күні тоғыз қыз және 13 ұл бала дүниеге келген.
Ең ірі салмақ ұл балада болды: 60 сантиметр, 5 380 грамм.
Ауруханада атап өткендей, мұндай көрсеткіштегі бала алып болып саналады.
Туылған балалар ішіндегі салмағы ең азы - 2 700 грамм, бойы- 49 сантиметр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript