Ақтөбеде үшем дүниеге келді

Ақтөбеде үшем дүниеге келді, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.10.2024 20:22 Сурет: Ақтөбе облысы әкімдігі
16 қазанда Ақтөбе облыстық перинаталдық орталықта Ахмад, Ибрагим және Әбдікәрім есімді ұлдар дүниеге келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сәбилердің туған кездегі салмағы - 2655, 2255 және 2355 гр.

15 күн бойы жаңа туған нәрестелер мен 32 жастағы ананың денсаулығын орталық мамандары бақылап отырды.

Айсана мен Батыржан енді жеті баланың ата-анасы. Жас отбасы үшемдерге дейін 3 қыз бен бір ұл тәрбиеледі.

Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде 13 618 жаңа туған нәресте дүние есігін ашты. Облыстық перинаталдық орталық дәрігерлерінің көмегімен 10 айда 74 егіз және 3 үшем туды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: