Сайлау қарсаңында Батыс Қазақстан облысында егіздер дүниеге келді

БҚО-да егіздер өмірге келді Сурет: БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен алынды
Жәнібек ауданының тұрғыны 36 жасар Эльмира Машаева мемлекет үшін маңызды күннің алдында қос сәбиін қолына алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дүние есігін ашқан қыз балалардың бірінің салмағы - 2850 бойы 49 см, ал екіншісінің салмағы - 2900 бойы 50 см. Қазіргі таңда жас босанған ана мен егіздер облыстық перинаталдық орталық ұжымы дәрігерлерінің жіті бақылауында. Эльмира мен отағасының бұдан бұрын бес баласы болса, енді олардың қатары егіздермен толықты.

БҚО-да егіздер өмірге келді

Сурет: БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен алынды

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі берген мәліметке егіздердің әкесі аудан орталығындағы «Алтын ұя» балабақшасында сантехник болып еңбек етеді. Ал отанасы Эльмира үйде бала тәрбиесімен айналысады.

«Бір қозы туса, бір топ жусан артық шығады» деп санаған қазақ халқы ықылым заманнан дүние есігін ашқан нәрестеге ерекше көңіл бөлген. Әр туған сәбидің өз ырзық-несібесінің болатынына сеніп, шаңырағының берекесіне балаған ғой. Еліміз өз таңдауын жасар маңызды күннің алдына шаңырағына шаттық пен ырыздық - несібесін ала келген нәрестелердің ата-анасының қуанышында шек жоқ. Олар егіздерге Аруназ, Айназ деген есім берді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз