Абай облысында дауыс беруге жас жұбайлар мен өңірдегі ең ұзын адам келді

Абай облысы, сайлау Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Соғыс ардагері, Ұлы Абайдың ұрпағы, жаңа босанған әйелдер, некесін бүгін ғана тіркеген жас жұбайлар, тіпті облыстағы – бұл бүгін сайлауға дауыс беруге барғандардың бір парасы ғана. Олар бүгін Абай облысындағы сайлау учаскелерінде таңдауын жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көкпекті ауданында аудандағы, бәлкім, бүкіл Абай өңіріндегі ең ұзын адам саналатын Вячеслав Вишняков №785 сайлау учаскесіне келді.

Аудан орталығында коммуналдық кәсіпорындардың бірінде моторшы болып жұмыс істейтін оның бойының ұзындығы –2 метр 20 сантиметр. Еңбек адамы Вячеслав Вишняковтың жұмысын адал атқарып келеді, оның Айжан есімді жары мен сүйікті ұлы бар. Ол сайлау учаскесіне азаматтық борышын өтеу үшін келіпті.

Абай облысы, сайлау

Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Соғыс ардагері, 97 жастағы қарт Елеусіз Кенбаевтың туған-туыстары мен достары Абай облысы Көкпекті ауданына қарасты Ақтас ауылындағы сайлау учаскесіне келді. Елеусіз ата жасы ұлғайып, денсаулығының нашар екеніне қарамастан, сайлау учаскесіне өзі келгенді жөн көріпті.

"Бүкіл елді басқаратын тұлғаны сайлау өте маңызды. Сайлауға қатысу – барша қазақстандықтар үшін үлкен құрмет әрі жауапкершілік", – деді ардагер қарт Елеусіз Кенбаев.

Абай облысы, сайлау

Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Абай облысында Абайдың ұрпағы, Абай ауданының құрметті азаматы, 85 жастағы Манатай Балтақайұлы сайлау учаскесіне дауыс беруге келді.

"Біздің міндетіміз – таңдау жасау, жастарға үлгі көрсету, сол арқылы патриотизм мен жауапкершілікке тәрбиелеу. Біз еліміздің болашағы үшін жауаптымыз, сондықтан мен бүгінгі сайлауға қатысып отырмын. 85 жасымда мен болашақ ұрпақтың пайдасына таңдау жасадым, еліміздің өркендеп, дамыған елдердің қатарына енуіне тілектеспін", – дейді Манабай Балтақайұлы.

Ақсақал туған жерінің өркендеуіне зор үлес қосып, жерлестерінің лайықты құрметіне бөленді. Елге сіңірген еңбегі үшін "Ерен еңбегі үшін", "В.И.Ленин туғанына 100 жыл толуына орай", "Еңбектегі ерлігі үшін", "Тың жерлерді игергені үшін", "Еңбек ардагері" медальдарымен және Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Абай облысы, сайлау

Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Семей қаласындағы жабық №280 сайлау учаскесіне дауыс беруге жақында ғана сәбиін дүниеге әкелген жас аналар келді.

20 қарашада Абай облысында 17 сәби дүниеге келді: 10 қыз, 7 ұл. Облыстық перинаталдық орталықта 116 болашақ ана мен жақында ғана босанған әйел Қазақстанның болашағы үшін өз таңдауын жасады.

Абай облысы, сайлау

Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

20 қараша күні таңертең ғана заңды некеге отырған жас жұбайлар жас жұбайлар Ерлан мен Аяжан Задановтар та болашақ президентті таңдауға қатысты. Күйеу жігіт пен қалыңдық үйлену тойына қарамастан, сайлау учаскесіне келіп, дауыс беріпті жөн көріпті.

"Бүгін біз үшін маңызды күн, өйткені бұл күні біз бір отбасы болдық. Сондай-ақ бұл күн бүкіл еліміз үшін тарихи оқиға – Президент сайлауымен тұспа-тұс келді. Біз азаматтық борышымызды өтеп, өзімізге әсер ететін таңдау жасауды ұйғардық", – дейді жас келіншек Аяжан Заданова.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз