Жаңалықтар тізбегі
0

"Бәрінен ең әдемі – менің жүктім": Ерке мен RaiМ клип арқылы жаңалығын бөлісті

"Бәрінен ең әдемі – менің жүктім": Ерке мен Райм клип арқылы жаңалығын бөлісті, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2023 15:22 Сурет: Instagram/erke_esmahan
"Жүректегі сезімді айта алмасақ, несіне бұл махаббат?" - дейді жас жұбайлар. Ерке Есмахан мен RaiМ жаңа ән жазып, оны көрерменге клипімен бірге ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Ерке жүкті екен" деген қауесет бірнеше айдан бері айтылып жүр. Ақыры қос әнші сәби күтіп жүргенін клипте көрсетіп, растады.

Ән "Бұл махаббат" деп аталады. Бейнеклиптен Еркенің жүкті екені көрсетіледі. Оған қоса әннің Райм айтатын партиясында "Бәрінен ең әдемі – менің жүктім" деген сөздер де мұны дәлелдейді.


Әнші жұптың бұл жаңалығын жанкүйерлері мен тыңдарман жақсы бағалап жатыр. Кейбірі көзіне жас алғанын жасырмады.

Клип RaiМ YouTube арнасына 20 сағат бұрын жарияланған. Әзірше 696 мыңнан астам қаралым жинаған. Ол "Тренд" рейтингінде үшінші болып тұр.

Ерке мен РайМ 4 сәуірде ресми түрде ерлі-зайыпты атанған еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: