Жаңалықтар тізбегі
0

Германия құрамасының капитаны Нойер Жапониядан неге жеңіліп қалғандарын айтты

Германия-Жапония, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.11.2022 23:36 Сурет: fifa.com
Германия құрамасының капитаны әрі қақпашысы Мануэль Нойер Қатарда өтіп жатқан 2022 жылғы футболдан әлем чемпионатында өз командасының Жапониядан жеңіліп қалуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Біз қақпаға гол соғудың көптеген мүмкіндіктерін жіберіп алдық. Оған қоса соңғы минуттарда қорғанысты босаңсытып жібердік. Жапония ойыншылары бетпе-бет ойында тұқыртып, қатты састырып, біздің алаңдаушылығымызды туғызды. Алаңда бірінші таймдағы жақсы позициямызды бізге сақтап қалу керек еді. Шынтуайтында келгенде, ойын тізгіні бізде болды, оны жетік басқара білдік, тек соңғы минуттарда ғой бәрінің астан-кестені шыққаны. Көрдіңіз бе, егер алаңда өзіңіз бастамашыл болмасаңыз, өз-өзіңізді көрсетпесеңіз, мұны басқалары іліп әкетіп, оңбай сан соқтыртады. Бүгін, міне дәл солай болды. Қазір өте қиын жағдайда тұрмыз. Өйткені, мысалы мен үшін бұл ең маңызды ойын болатын, ал онда ұтылып қалдық. Енді алдағы ойында өзімізді мүлде басқа қырынан көрсетуіміз керек, онда да қарсыласымыз осал емес - Испания ұжымы. Барымызды салып, алаңда бүкіл әлеуетімізді көрсетуіміз керек", - деп неміс бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып "Чемпионат" басылымы Нойердің сөзін келтіреді.

Айта кетсек, Германия бірінші болып гол соққанымен, бірақ матч соңында Жапониядан 1:2 есебімен ұтылып қалды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: